Мерекелік шара компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында өткізіліп, балғындарға ерекше мереке сыйлауға бағытталды. Ойын-сауық бағдарламасында аниматорлар, ертегі кейіпкерлері, түрлі қойылым, музыкалық нөмірлер және көңілді байқаулар болды.
Ертеңгілікте 700-ге жуық балаға сыйлық табысталды.
-Балаларымыз ертегі әлеміне енгендей болып, жаңа жылдық көңіл-күйге бөленді. Ал біз үшін бұл күн – балаларының жүзіндегі қуаныш пен шаттықты тамашалауға мүмкіндік болды,-деді компания қызметкері Илана Дагарова.
КРІ компаниясы қызметкерлерінің отбасыларына көңіл бөлуді және ұжымдық рухты нығайтуды басты құндылықтарының бірі ретінде ұстанады. Жыл сайынғы жаңа жылдық ертеңгілік – осы бағыттағы маңызды дәстүрдің бір бөлігі.