«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI логистикалық желісін кеңейтіп, Астанада қойма ашты

20 Желтоқсан
2024
KPI расширяет логистическую сеть открывая склад в Астане
Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” ЖШС Астанада полипропиленді сақтау және жедел жеткізу үшін жаңа қойма ашты. 500 тонна дайын өнімге арналған қойма солтүстік өңірлердегі қайта өңдеуші кәсіпорындарға полимер шикізатына қолжетімділікті арттырып, жеткізу уақытын 10 күннен 1 күнге дейін қысқартады.



Қойманың ашылу салтанатына ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктердің өкілдері, “Самұрық-Қазына” қорының, мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ полимерлерді қайта өңдеуші кәсіпорындар қатысты.



Іс-шара барысында “ҚазМұнайГаз” басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов сөз сөйледі.



«ҚазМұнайГаз және KPI клиентке бағытталған компания ретінде жүйелі жұмысын жалғастыруда. KPI-дің басты басымдықтарының бірі – отандық тауар өндірушілердің полимерге деген қажеттілігін қанағаттандыру. Биыл Қазақстанда полипропиленнің бағасы көршілес елдермен салыстырғанда төмен деңгейде болды. Ендігі мақсатымыз – 2025 жылы Шымкентте еліміздің оңтүстік өңірлері үшін осындай қойма ашу», – деді А.Мағауов.



Қазіргі таңда KPI-дің ішкі нарықтағы полипропилен үлесі 50%-ды құрайды, бұл компания өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.



«Ірі қайта өңдеушілерге теміржол арқылы жөнелту мүмкіндігін ұсынамыз. Аз көлемдегі тұтынушыларға шикізатты мегаполистердегі қоймалардан алу қолжетімді. Бұл өнімді шағын партиялармен сатып алуға мүмкіндік береді. KPI зауытының полипропилен өнімдерінің барлық түрін осы қоймалардан тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, алғаш рет кросс-докинг қызметін іске қостық. Бұл ірі қайта өңдеушілерге полипропиленді экономикалық тұрғыдан тиімді сатып алуға мүмкіндік береді. 2025 жылы теміржол станциялары мен клиенттердің терминалдарына өнім жеткізу қызметін іске қосамыз. Ол қайта өңдеушілердің қаржылық шығындарын қысқартуға және уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», – деді KPI сату және клиенттерге қызмет көрсету қызметінің басшысы Дамир Абельдинов.



Бұған дейін компания Алматыда осындай қойма ашқан болатын. Ол жерден жарты жылдың ішінде оңтүстік өңірдің қайта өңдеушілеріне 2 мың тоннадан астам полипропилен жеткізілді.



Астанадағы қойманың ашылуы аясында “Aqua Atom” компаниясына полипропилен жеткізілді. Бұл компания ай сайын 5 тонна полипропилен тұтынады.



“Aqua Atom” – 2022 жылдың қаңтарында құрылған, Қазақстан нарығында полипропиленді сүзгілер шығаратын отандық өндіруші.



«Өніміміз жоғары сапалы, қазақстандық шикізаттан жасалады. Бұл бізге әлемдік деңгейдегі сапаға жетуге мүмкіндік береді. Біздің өндірісіміз үш қабатты технологиямен жұмыс істейді. Жаңа қойманың ашылуы басқа өндірістердің дамуына серпін береді деп сенеміз», – деп атап өтті компания директоры Нұржан Тоқымбек.



Сонымен қатар, іс-шарада KPI-дің полипропиленді қайта өңдеуді дамытуға арналған “Форсаж” бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтылды. Бағдарлама аясында елдегі полимерлерді қайта өңдеушілер үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған.



Логистикалық желіні кеңейту және инновациялық бағдарламаларды іске қосу KPI-дің өнеркәсіптік өсімді қолдауға, полимерлерді өңдеу саласын дамытуға және Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал етуге ұмтылысын растайды.





Анықтама:



Кросс-докинг (cross-docking) — бұл логистикалық әдіс, яғни тауар (полипропилен) транзиттік қоймаға (бұл жағдайда KPI қоймасы) жеткізіледі және ұзақ мерзімді сақтауды айналып өтіп, бірден өңдеушілерге жіберіледі. Бұл тәсіл ірі өңдеуші компанияларға шығын шығармай, қойманың инфрақұрылымын тауарды тез ауыстырып тиеу үшін пайдаланып, полипропиленді экономикалық тұрғыдан тиімді сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс тапсырыстарды өңдеу мен түпкілікті тұтынушыға жеткізуді жылдамдатады, қойма шығынын азайтады және логистикалық операциялардың тиімділігін арттырады.