«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI итальяның жетекші компаниялармен «Қазақстан-Италия» форумында меморандумдарға қол қойды

8 Қазан
2024
KPI заключила меморандумы с ведущими итальянскими компаниями на форуме «Казахстан-Италия»
7 қазан күні Миланда өткен «Қазақстан-Италия — Қазақстанға арналған сауда-инвестициялық мүмкіндіктер» атты жыл сайынғы форум аясында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» (KPI) мен итальяндық жетекші компаниялар арасында бірқатар маңызды меморандумдар қол қойылды.

KPI-дың Бас директоры Дамир Ашимов IMI Remosa, Zeeco Inc. және CRI Enerbility компанияларымен кездесіп, алдағы жұмысты талқылады. Бұл меморандумдар мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібіне арналған жабдық, қосалқы бөлшектер жеткізу және техникалық қызмет көрсету саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа жол ашады.

IMI Remosa — мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарына арналған клапандар мен приводтарды өндірудегі әлемдік көшбасшы.

Zeeco Inc. отынды жағу және экологиялық шешімдер бойынша заманауи жабдықтар әзірлеу және өндірумен айналысады.

CRI Enerbility — отқа төзімді және өнеркәсіптік пештерді жобалау саласындағы танымал сарапшы.

Меморандумдар халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді. Қазақстанның жаһандық нарықтағы сенімді серіктес ретіндегі позициясын нығайтады. KPI инновациялық жобаларды Қазақстанда жүзеге асыру үшін әртүрлі салада әлемдік көшбасшылармен байланыстарын дамытуда.

Бір ай бұрын Берлинде Қазақстанның жетекші полипропилен өндірушісі Möllers, Aventus, Zeppelin Systems және EKATO неміс компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған еді.

Сондай-ақ, KPI отандық тауар өндірушілерді қолдауға мүделлі. Мәселен, кәсіпорынның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтың 40%-ын KPI қазақстандық жеткізушілерден сатып алады.