"KPI Inc." ЖШС өз қызметкерлерінің жан-жақты дамуы үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайлар және жан-жақты дамуы үшін кепілдіктер беру, өз қызметкерлерінің табысты кәсіби өзін-өзі іске асыруы және олардың әлеуетін Компанияның одан әрі дамуына бағыттау бойынша барлық шараларды қабылдайды.
"KPI Inc." ЖШС білікті қызметкерлерді тартуға, ұстап тұруға және ынталандыруға мүмкіндік беретін бәсекеге қабілетті еңбекақы деңгейін ұсынады.
Сонымен бірге, Компанияда әлеуметтік пакет бар, оның шеңберінде қызметкерлерге әлеуметтік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі:
Бұдан басқа, «KPI Inc.» ЖШС қызметкерлеріне тұрғын үй салу мәселесі қарастырылып жатыр.
«KPI Inc.» ЖШС қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыруын қамтамасыз етеді.
«KPI Inc.» ЖШС өз қызметкерлерінің оқуына және кәсіби дамуына инвестиция салады. Компанияның мақсаты персоналдың қажетті біліктілік деңгейін қалыптастыру және қолдау болып табылады.
Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "KPI Inc." ЖШС қызметкерлері жоғары тұрған және басқа да ұйымдар өткізетін спартакиадаларға қатысады. Сондай-ақ, "KPI Inc." ЖШС қызметкерлері үшін спорт залы жалға алынды.