«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI-дің металл сынықтарын өткізу бойынша ағылшын әдісімен өткізілетін аукционға әлеуетті қатысушыларға арналған ақпарат

9 Қаңтар
2026
Для потенциальных участников аукциона KPI по английскому методу по реализации металлолома
Осымен «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (бұдан әрі – KPI) бизнес-қоғамдастықты (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыратын отандық металлургиялық кәсіпорындарды және/немесе заңды тұлғаларды) металл сынықтарын (қара металл сынықтарын) өткізу бойынша ағылшын әдісімен аукцион өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Металл сынықтарының орналасқан жері – ҰИМТ АЭА аумағы, KPI Inc. полипропилен өндіру зауыты (Атырау қ., Атырау–Доссор тас жолы, 295-құрылыс).

Шамаланған көлемі – металл сынықтарын өткізуге арналған көлем (лоттар):
1 лотпен 100 тонна қара металл және 100 тонна түсті металл (бір контрагенттің пайдасына бір лоттан артық сатылмайды) (KPI Inc. зауытының аумағынан өздігінен әкету (Атырау қ., Атырау–Доссор тас жолы, 295 құрылыс) – 10 күн ішінде).

Аукцион өткізу орны – Атырау қ., Адмирал Лев Владимирский көшесі, 26в, конференц-зал (2-қабат).

Аукционды өткізу тәсілі – ағылшын әдісі бойынша.

Аукционның басталу күні мен уақыты – 30.01.2026 ж., сағат 10:00, Атырау қаласының уақыты бойынша.

Қара металл сынықтарының бастапқы бағасы – 1 килограмм үшін 70 теңге.

Түсті металл сынықтарының (кабель қиықтары) бастапқы бағасы – 1 килограмм үшін 700 теңге.

Аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі – 19.01.2026 ж.
Аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі – 26.01.2026 ж., сағат 17:00, Атырау қаласының уақыты бойынша.

Металл сынықтарын әкету мерзімі – мобилизациядан кейін (шарт талаптарына сәйкес) және аванстық төлем жасалған соң 10 күн ішінде.

Металл сынықтарын өткізу орны – Қарабатан, ҰИМТ АЭА аумағы, KPI Inc. полипропилен өндіру зауыты (Атырау қ., Атырау–Доссор тас жолы, 295-құрылыс).

Металл сынықтарын өткізу шарттары – металл сынықтарын сатып алуға, жинауға, әкетуге, тиеуге, түсіруге, сақтауға, тасымалдауға, сақтандыру төлемдеріне (қажет болған жағдайда) және өзге де шығыстарға байланысты барлық шығындарды металл сынықтарын сатып алушы өз есебінен көтереді.


Өткізілетін металл сынықтарымен танысу күні, уақыты және тәртібі – аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (келісім бойынша).

Төлем шарттары – әкетілетін металл сынықтарының көлемі үшін 100 % алдын ала төлем.

Шарт жобасы – қосымшаға сәйкес.

Аукцион жеңімпазы деп танылған қатысушымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі - аукцион қорытындылары шығарылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде.

Жеңімпазды анықтау қағидаты – өтінімдері қабылданбағандар қатарына енгізілмеген қатысушылар ұсынған ең жоғары баға.

Байланыс ақпараты: reception@kpi.kz; +7 (7122) 315222;
+7 707 699 89 89; assel.khairullina@kpi.kz

Әлеуетті сатып алушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
1. Металл сынықтарын дайындау жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтардың болуы:
- кемінде 2 жүк автокөлігі (жүк көтергіштігі кемінде 20 тонна, техникалық паспорттармен, техникалық байқаулармен, сақтандыру полистерімен, жалдау шарттарымен және т.б. расталады);
- кемінде 1 тиегіш/кран (жалдау шарттарымен немесе меншік құқығын және 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен расталады);
- металл кесуге арналған құрал-жабдықтар.
2. Өрт-техникалық минимум, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және т.б. бағыттар бойынша рұқсаттары бар білікті персоналдың болуы (тиісті құжаттардың көшірмелерімен расталады).
3. Мобилизациялау шартқа қол қойылғаннан кейін 10 күн ішінде.
4. Өз қызметкерлері үшін демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, металл әкету бойынша тәулік бойы жұмыс ұйымдастыру мүмкіндігі.
5. Әлеуетті сатып алушының сенімділігін тексеру үшін заңды тұлғаның деректемелерін, оның ішінде есепшотын және БСН ұсыну.
6. Әлеуетті сатып алушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы Қағидалардың 4-бабымен белгіленген. Комиссия мүшелері 4-бапта көзделмеген қосымша біліктілік талаптарын белгілеуге құқылы, бұл ретте мұндай талаптар отырыс хаттамасында көрсетілуі тиіс.

Қоса атқарылатын жұмыстар – металл сынықтары сақталған аумақты тазалау жұмыстарын ұйымдастыру.

Аукционға қатысуға өтінім беру – қатысушы жеңімпаз деп танылған жағдайда сатып алу-сату шартын жасасуға келісім білдіру нысаны болып табылады.

Қатысушының өтінімі өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн мен уақытқа дейін ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге аукционға қатысуға арналған өтінімде мынадай мәліметтер мен құжаттар болуы тиіс:
- әлеуетті Сатып алушының атауы, нақты мекенжайы;
- аукционға қатысуға қатысушы уәкілеттік берген тұлға туралы мәліметтер (растайтын құжаттарды ұсына отырып);
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың электрондық көшірмесі не Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына (www.egov.kz) сілтемесі бар әлеуетті сатып алушының электрондық өтінішінің көшірмесі, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген әлеуетті сатып алушының мемлекеттік тіркелуін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі;
- аукционға қатысу үшін кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, аукцион өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген енгізу шарттарына, мазмұны мен түріне сәйкес немесе электрондық банктік кепілдік, бұл ретте аукционға қатысу үшін кепілдік жарнаның сомасы аукцион өткізу туралы хабарландыруда белгіленген мөлшерден төмен болмауға тиіс (егер аукцион өткізу туралы хабарландыруда кепілдік жарна енгізу көзделген жағдайда).
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна қағаз түріндегі банктік кепілдік ретінде енгізілген жағдайда, оның түпнұсқасы өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзіміне дейін Сатушыға ұсынылуы тиіс.

Бұрын металл сынықтарын өткізу рәсімдерінің қорытындысы бойынша шарттар жасасудан негізсіз бас тартқан, өз шарттық міндеттемелерін адал орындамаған және сот органы шешімімен расталған KPI-ге белгілі бір залал/зиян/тәуекел келтірген сатып алушылар «Металл сынықтарының жосықсыз сатып алушыларының тізіліміне» енгізілуі мүмкін.


KPI «Металл сынықтарының жосықсыз сатып алушыларының тізілімінде» тұрған сатып алушыларды олар тізілімге енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде аукционға қатысуға жібермеуге құқылы.