«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI Астана мен Алматыдағы қоймаларынан 2 600 тоннадан астам полипропилен жөнелтті

17 Маусым
2025
KPI отгрузил более 2 600 тонн полипропилена со складов в Астане и Алматы


Жыл басынан бері «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI — ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) өңірлік қоймаларынан 2 600 тоннадан астам полипропилен жөнелтті (Астана — 400 тонна, Алматы — 2200 тонна). Бұл логистикалық хабтар еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлеріндегі отандық өңдеушілерге барынша қолайлы жағдай жасау және оларды қолдау мақсатында құрылған. Бұған қоса, өнімдер кәсіпорынның Атыраудағы қоймасынан жүйелі жөнелтіліп отыр.



Астанадағы қоймамен жұмысын жаңадан бастаған клиенттердің қатарында: «Долгополов» компаниясы (плитка мен құрылыс өнімдері), «Активакс» (орау және тұтынуға арналған өнімдер), «Heart Center Foundation» медициналық бұйымдар қоғамдық қоры бар (медициналық бұйымдар)



KPI өнімдері елдің өңтүстік өңірінде қызметін жүргізетін жаңа клиенттер арасында сұранысқа ие:

«RISMI group» ЖШС (шпагат пен баллон қақпақтары), «Алмас-пластик» ЖШС (тұрмыстық және орау өнімдері), «Ak-Plast-F» ЖШС (ілгіштер мен шаруашылық тауарлары).



Бүгінде Қазақстандағы 130 өңдеуші кәсіпорынның 60-тан астамы полипропиленді ай сайын сатып алып отыр. Ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға KPI жүзеге асырып жатқан «Форсаж» бағдарламалары зор үлес қосуда. 2025 жылы осы бағдарламалар аясында импортты алмастыру мен дайын өнім экспортына бағытталған жаңа келісімдерге қол қойылды. Олардың ішінде «Полиэтилен-Агро» ЖШС, «Казполиснаб» ЖШС, «БалТекстиль» ЖШС және «Асыл Арман» ЖШС.



Жалпы, KPI ішкі нарықтағы үлесін арттырды. 2025 жылдың алғашқы бес айында кәсіпорын 175 мың тонна полипропилен өндірді.