«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Өзбекнефтегаз делегациясы KPI зауытындағы озық цифрлық шешімдер мен роботтандырылған қойма жұмысымен танысты

3 Маусым
2025
Делегация Узбекнефтегаза изучила передовые цифровые решения и роботизированный склад на заводе KPI
«Өзбекнефтегаз» АҚ делегациясы жұмыс сапарымен «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) зауытына келіп, жүзеге асырылып цифрлық жобалармен танысты және IT мен жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасты.



 Делегация толықтай роботталған қойма кешеніне ерекше назар аударды. Қонақтар қоймада салмағы 1,5 тоннаға дейінгі паллеттерді қаптау желілерінен бастап сақтау мен жөнелту аймақтарына дейін адамның көмегінсіз қозғалатын роботтардың жұмысымен танысты. Бұл кешенді басқаратын, өндірістік желілермен интеграцияланған және логистиканы нақты уақыт режимінде оңтайландыратын WES (Warehouse Execution System) интеллектуалды IT платформасы аса қызығушылық тудырды.



Сонымен қатар жасанды интеллект көмегімен қойма қызметкерлерінің қауіпсіздік талаптарын сақтауын қадағалайтын Computer vision жүйесі таныстырылды. Қоймаға қатысты цифрлық шешімдерді қазақстандық компания енгізген болатын.



✔️

KPI-дің дайын өнім қоймасы — Орталық Азиядағы мұнай-химия өніміне арналған бірегей роботтандырылған қойма.