9 мамыр Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс және қала басшылары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, тыл еңбеккерлері, әскери бөлімшелер, Ауған, Тәжік-Ауған, Чернобыль ардагерлері және қаладағы түрлі мекеме-ұйымдар қатысты.
Аталған шараға KPI компаниясының ұжымы да белсене атсалысты. Компания қызметкерлері батыр бабалар ерлігіне тағзым білдіру мақсатында “Мәңгілік алауға” гүл шоғын қойды.
Салтанатты жиын барысында Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен жауынгерлерге бір минут үнсіздік жарияланды. Облыс әкімі Серік Шапкенов өз сөзінде ардагерлердің ерлігі мен бүгінгі ұрпақтың борышы туралы ерекше атап өтті.
KPI ұжымы үшін мұндай шараларға қатысу — құрмет. Бейбітшілік пен Тәуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларға деген алғыс пен тағзымның белгісі.