«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI компаниясының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

8 Мамыр
2025
Сотрудники компании KPI приняли участие в экологической акции «Таза Қазақстан»
КРІ компаниясының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында зауыты аумағына ағаш отырғызу шарасын өткізді.



Акцияға компанияның 70-ке жуық қызметкері қатысып, 200 астам көшет отырғызды.



КРІ компаниясы тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.

Мұндай бастамаларға қатысу – кәсіпорынның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бөлігі.



-Өңірімізді көгалдандыруға нақты үлес қоса алғанымызға қуаныштымыз. Мұндай бастамалар ұжымды біріктіріп, экологиялық сананы қалыптастыруға ықпал етеді, -деді компания өкілдері.



КРІ алдағы уақытта да өңірдегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған экологиялық және әлеуметтік жобаларға қатысуды жалғастырады.