Жеңіс күні қарсаңында бірнеше тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Ардагерлерге сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер айтылды.
Компания өкілдері Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда ерен еңбек еткен қарттарға алғыс білдіріп, олардың ерлігі мен елге сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.
Бұл КРІ ұжымының ардагерлерге деген құрметінің белгісі және патриоттық рухты дәріптеуге бағытталған тұрақты әлеуметтік бастамаларының бірі.