Бейжіңде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов China National Chemical Engineering Co. Ltd (CNCEC) басшысы Мо Дингемен кездесті.
CNCEC компаниясы өнеркәсіптік жобаларды іске асыруда жеткен жетістіктері және өзінің ғылыми әзірлемелері туралы баяндады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасында мұнай-газ химиясы саласын дамыту перспективаларын талқылады.
Анықтама:
China National Chemical Engineering Co. Ltd (CNCEC) — ҚХР-дың мемлекеттік химия инженерлік корпорациясы. CNCEC әлемнің 50-ден астам елінде мыңдаған жобаларды жүзеге асырған, соның ішінде Қытайда химия бағытындағы кәсіпорындардың 90% және мұнай химиясы қуаттарының 50% салған компания. Еске сала кетсек, CNCEC Атырау облысындағы полипропилен өндіретін KPI зауытының құрылысын EPC-келісімшарты аясында жүргізген болатын.