2025 жылғы 25 сәуір күні KPI компаниясына Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы аясында жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары мен Атырау облыстық мәслихатының депутаттары келді.
Делегацияны компанияның Бас директоры Дамир Ашимов қарсы алып, KPI компаниясының өндірістік қызметінің негізгі бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобаларын таныстырды. Қонақтарға зауыттың өндірістік алаңы, заманауи технологиялық қондырғылары және әлеуметтік инфрақұрылымы көрсетілді.
Кездесу барысында өндірістегі инновациялық шешімдер, экологиялық стандарттарды сақтау, сондай-ақ компанияның әлеуметтік жауапкершілікке қатысты бастамалары жан-жақты талқыланды.