«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

«Bal Carpet»KPI өндіретін отандық шикізатты пайдаланудың нәтижесінде кілемнің бағасы едәуір төмендетті

24 Қаңтар
2025
 Компания «Bal Carpet» значительно снизила цену на ковры благодаря полипропилену, производимому на комплексе «KPI»


Шымкент қаласындағы белгілі Bal Carpet фабрикасы (бұрынғы «Бал Текстиль») «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI — ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) зауыты өндіретін отандық полипропиленді пайдаланып, кілем шығарады.



Өндіріс процесі барысында Цельсий бойынша 235 градус температурасы кезінде полипропилен түйіршіктері балқытылып, қатты жіптер иіріледі. Бұл жіптерден сапалы кілемдер тоқылады. Қазіргі уақытта фабрика отандық шикізатты пайдалана бастады. Ол KPI кешенінен PP H253 FF/7 маркалы 300 тонна полипропилен сатып алады. 2024 жылы бұл фабрикаға барлығы 3 мың тоннаға дейін полипропилен жеткізілді.



«Bal Carpet» жыл сайын 6 млн шаршы метрден астам кілем шығарып, Қазақстан бойынша сатады. KPI өндіретін отандық шикізатты пайдаланудың нәтижесінде кілемнің бағасы едәуір төмендеп, тұтынушылар үшін қолжетімді болды.



KPI кешені Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосуда. Шығарылатын полипропиленнің 11 маркасы қайта өңдеуші компанияларға көптеген өнім түрлерін жасауға мүмкіндік береді: пластикалық орындықтар, үйге қажетті бұйымдар, спанбонд материалдары, суды тазартатын сүзгілер және басқа да өнімдер.