«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Баспасөз хабарламалары

20 Мамыр
2022
Харассментке жол жоқ!

Харассментке жол жоқ!

Құрметті әріптестер!

KPI ЖШС комплаенс қызметі Корпоративтік этика кодексінің талаптарын сақтау мониторингі шеңберінде лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер, сондай-ақ әлеуетті және серіктес контрагенттермен өзара қарым-қатынас барысында этикалық қағидалардың бұзылғанын анықтады.

18 Қазан
2021
ҚР энергетика министрі Мағзом Мырзағалиев зауыт құрылысымен танысты

ҚР энергетика министрі Мағзом Мырзағалиев зауыт құрылысымен танысты

15 қазанда энергетика министрі Мағзом Мырзағалиев Атырау облысындағы полипропилен өндіретін зауыт құрылысымен танысты.

13 Тамыз
2021
Полипропилен өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыттың құрылысы 90%-ға аяқталды

Полипропилен өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыттың құрылысы 90%-ға аяқталды

Бейсенбіде, тамыздың 12-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС полипропилен өндіретін зауыттың құрылысы барысымен танысты.

27 Қаңтар
2021
ҚР Энергетикасының бірінші вице - министрі Жүребеков Мұрат Атырау облысында полипропилен өндіретін бірінші  интеграцияланған газ-химия кешенінің (ИГХК) құрылыс барысымен танысты.

ҚР Энергетикасының бірінші вице - министрі Жүребеков Мұрат Атырау облысында полипропилен өндіретін бірінші интеграцияланған газ-химия кешенінің (ИГХК) құрылыс барысымен танысты.

2021 жылғы 27 қаңтарда Атырауға жұмыс сапары аясында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков аумағында полипропилен өндіретін бірінші интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы жүргізіліп жатқан "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағына барды. Жоба операторы - "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС.

Салынып жатқан кешеннің құрылыс объектілері қаралды. ИГХК құрамына "Lummus Technology" полимерлер өндірісі саласындағы әлемдік көшбасшының лицензияланатын технологиясы бойынша пропанды дегидрлеу (PDH), пропиленді полимерлеу (PP) технологиялық қондырғылары және 32 ірі инфрақұрылым объектілері кіреді. Жобаның мақсаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру болып табылады.

"ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ және KPI командасы қабылдаған пәрменді шаралар Жобаның серпінді ілгерілеуін қамтамасыз етті. Ағымдағы жылдың 27 қаңтарына жобалау, тапсырыстарды орналастыру және жабдықтар мен материалдарды жеткізу, құрылыс бойынша жұмыстарды қамтитын жобаны іске асырудың жалпы прогресі 81,50% - ды құрады.

Цифрлық 3D моделі жасалды, ол сандық қос зауыт құру үшін негіз болады. Құрылыс конструкцияларының сызбаларын әзірлеу аяқталды. Металл конструкциялар мен жабдықтарды, жер асты коммуникацияларын, жоғарғы бетон конструкцияларын, болат технологиялық құбырлар мен өртке қарсы су құбырларын, резервуарларды, сэндвич-панельдерді монтаждау жалғасып жатыр. Құрылыс объектілеріне жабдықтарды тасымалдау және жеткізу жүзеге асырылып жатыр.

Жобаны іске асыру республика экономикасы үшін маңызды мәнге ие. Құрылыс жұмыстарына 39 компания тартылған, оның 36 – сы қазақстандық. Отандық зауыттарда сыйымдылық, жылу алмасу және электр жабдықтарына, құбыр және кабель өнімдеріне тапсырыстар орналастырылған, олардың басым бөлігі ИГХК құрылыс объектілеріне жеткізілген. Металл конструкцияларын дайындау және жеткізу үшін 8 қазақстандық кәсіпорын тартылды. Жаңа зауытта жоғары технологиялық жұмыс орындары құрылады (500-ден астам).

KPI ұжымының алдында 2021 жылдың соңына дейін құрылысты аяқтау міндеті тұр. Озық технологиялар мен үздік әлемдік практикаларды қолдану есебінен KPI Қазақстандағы алғашқы цифрлық өнеркәсіптік кәсіпорын болуды жоспарлап отыр. Адамның тұрақты жұмыс істейтін өндірістік процестерге араласуын болдырмайтындай, толық автоматтандыруды енгізу жоспарланып отыр.

 

Анықтама үшін:

"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС 2008 жылы құрылған және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобына кіреді. "KPI Inc." қатысушылары: 99%-"Біріккен химиялық компания" ЖШС ("Самұрық - Қазына "ҰӘҚ" АҚ 100% еншілес ұйымы), 1% - "Фирма Алмэкс Плюс" ЖШС.

"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС және "China National Chemical Engineering Company" (ҚХР) арасында 2015 жылғы 15 желтоқсанда 1 865 млн. АҚШ долларына ЕРС-келісімшарт жасасты. Несиелік келісімге 2016 жылдың қыркүйегінде қол қойылды.

2018 жылғы 28 маусымда "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ тапсырмасына сәйкес "KPI Inc." ЖШС 2018 жылғы 28 маусымда "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-на сенімгерлік басқаруына берілді.

28 Ақпан
2020
Газ мұнай-химияның сенімді болашағы-білікті мамандар

Газ мұнай-химияның сенімді болашағы-білікті мамандар

Дөңгелек үстел басында 200-ден астам қатысушылар, Қазақстан және жақын шетел ЖБО мен колледждерінің өкілдері жиналды.