«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Швейцариялық компания вице-президенті зауыт жұмысымен танысты

10 Қыркүйек
2022
Швейцариялық компания вице-президенті зауыт жұмысымен танысты
31 тамызда полипропилен өндіру жөніндегі кешенге, оның ішінде СЖС Қазақстан Лтд ЖШС сынақ зертханасына кешен аумағында швейцариялық SGS Group вице-президенті Ариан Праат келді. Ариан Прааттың SGS компаниялар тобында 25 жылдан астам тәжірибесі бар және бүкіл әлем бойынша зертханаларды басқару жобаларына қатысады. Сапар аясында Ариан зертхананың аналитикалық бақылау қызметін жүзеге асыруға дайындығымен танысып, зертхана қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Сол күні ТҚ KPI Inc басқарма төрағасымен кездесу өтті, онда тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға өзара қызығушылық білдірді, ағымдағы мәселелер мен болашаққа міндеттерді талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, көктемде Атырау облысында салынып жатқан KPI интеграцияланған газ-химия кешенінің аумағында SGS Халықаралық компаниясының сынақ зертханасы ашылды.
Өнімді тәуелсіз халықаралық зертханамен сертификаттау газ-химия кешені өнімінің ұлттық және халықаралық стандарттардың, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетінін көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, SGS зертханасы халықаралық нарықтарға шығу уақытын қысқартуға, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қолданылатын талаптар мен реттеу нормативтеріне сәйкестігін тексеруге көмектеседі.

Iblock element

Для того, чтобы оставить комментарий, необходимо авторизоваться.

Логин:
Пароль:
Регистрация
Забыли свой пароль?