Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) кешенінің жалпы зауыт шаруашылығы өндірісінің 8522 нысанында резервтік дизель отынын сақтау қоймасындағы шартты өртті жою тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығу Атырау қаласы әкімімен бекітілген 2025 жылға арналған азаматтық қорғаныс саласындағы оқу-жаттығулар мен жаттығулар жоспарына және Серіктестіктің бұйрығын орындау мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында апатты жағдай туындаған кезде персоналдың іс-қимылдары пысықталып, барлық қызметтердің жедел әрекет ету дайындығы тексерілді.
Оқу-жаттығуға нысандық авариялық-құтқару қызметтері, сондай-ақ Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері мен «North Caspian Operating Company (NCOC)» компаниясының мамандары қатысты.
Күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында басқару пункттері (штабтар) орналастырылды.
Сонымен қатар ТОО ИП «СЖС Казахстан ЛТД» және ТОО «NKS M&R» мердігер ұйымдарының қызметкерлері қатысқан эвакуациялық іс-шаралар өткізілді. Барлығы 129 адам жиналу орнына эвакуацияланды.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Серіктестік басшылығы мен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жеке құрамның дайындық деңгейін және іс-қимылдардың үйлесімділігін жоғары бағалады. Жалпы оқу-жаттығуға 62 адам және 10 бірлік техника тартылды.