«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

«Самрук-Қазына» АҚ делегациясы KPI зауытының жұмысымен танысты

7 Қараша
2025
Делегация АО «Самрук-Қазына» ознакомилась с работой завода KPI
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» зауытына «Самрук-Қазына» АҚ делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Делегация құрамында Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Айдар Рысқұлов және Стратегия және активтерді басқару жөніндегі қос басқарушы директор Бақытжан Таубаев болды.

Сапардың мақсаты – кәсіпорынның қызметімен, өндірістік қуаттарымен және мұнай-газ химиясы жобасының іске асырылу барысымен танысу.

«KPI Inc.» ЖШС-нің бас директоры Дамир Ашимов Қор өкілдерін қарсы алып, өндірістік нысандар бойынша экскурсия өткізді, технологиялық процесс, негізгі көрсеткіштер және компанияның одан әрі даму перспективалары туралы ақпарат ұсынды.