«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»
(«Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.»)
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

KPI Abdioğulları Plastik ve Ambalaj Sanayi A.Ş. компаниясымен ынтымақтастығын кеңейтуде

6 Қараша
2025
KPI расширяет сотрудничество с компанией Abdioğulları Plastik ve Ambalaj Sanayi A.Ş.
KPI компаниясына Түркиядан серіктесі Abdioğulları Plastik ve Ambalaj Sanayi A.Ş. (бұдан әрі – Abdioğulları) компаниясың өкілдері келді. Сапар барысында Abdioğulları компаниясының делегациясы зауытының өндірістік қуаттарымен танысып, сервистік топтың жұмысын көрді. Тараптар болашақтағы ынтымақтастықты дамыту
бағытында жұмыс кездесуін өткізуде.

Түркия нарығында KPІ-дың өнімдерін қайта өңдейтін Abdioğulları компаниясына 2024 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың маусымына дейінгі аралықта серіктес тарапқа 14 000 тонна өнім жөнелтілді. Ынтымақтастық 2024 жылдың қаңтар айында SIBUR компаниясы арқылы басталып, осы уақытқа дейін Abdioğulları полипропиленнің барлық маркасын тұрақты түрде сатып алып келеді. Әсіресе 30 GP, 350 FF, 253 FF және 40 GP маркаларына сұраныс жоғары.


Компания КРІ өнімінің жоғары сапа стандарттарына толық келетінін айтады.
Abdioğulları өз өндірісінде, соның ішінде биг-бэг қаптарына арналған мата өндіруде КРІ-дың шикізатын пайдаланады.

Екі күнге созылған сапардың бірінші күні қонақтар зауыттың негізгі технологиялық учаскелерін аралап, өндіріс барысын жан-жақты зерттеді. Ал бүгін стратегиялық кездесуде тараптар серіктестікті кеңейту, жеткізу тізбегін оңтайландыру, жаңа өнім түрлері мен көлемдерін талқылап, тиімділік пен тұрақтылықты арттыру жолдарын қарастыруда.

«Abdioğulları компаниясының біздің өнімге артқан сенімін жоғары бағалаймыз және серіктестігіміздің қарқынды дамып келе жатқанына қуаныштымыз,» — деді KPI сату қызметі және тұтынушылар сервисі қызметінің басшысы Дамир Абельдинов.

«Ортақ күш-жігер арқылы біз бұл ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, жоғары сапа, тұрақты жеткізу және өзара тиімді даму қағидаттарына сүйенеміз,» — деп қосты ол.

Анықтама: Abdioğulları Plastik ve Ambalaj Sanayi A.Ş. — 1963 жылдан бері жұмыс істейтін Түркияның ірі пластмасса және қаптама өнімдерін өндіруші компанияларының бірі. Компанияның өндірістік алаңының жалпы аумағы 155 000 м², ал өнімдері 60-тан астам елге экспортталады.