«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Жұбаев Арманбай және директорлар кеңесінің атқарушы емес мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі Қарабалин Ұзақбай Атырау облысына жұмыс сапары аясында “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.”газ-химия кешенінде болды.
Қонақтарды компанияның бас директоры Дамир Ашимов және өндіріс бөлімшелерінің басшылары қарсы алып, зауыттың жұмыс барысы және өндірістік жоспарлар туралы баяндады.
Сапар барысында Директорлар кеңесінің мүшелері дайын өнімнің сапасын бақылайтын SGS зертханасында, пропанды сақтау паркінде, сондай-ақ пропанды дегидрлеу (PDH) және полипропилен өндіру (PP) қондырғыларында болды. Сонымен қатарделегация операторлық орталықтың жұмысымен де танысты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жиын өткізіліп, кәсіпорынның өндірістік қуаттарын тиімді пайдалану, өнім сапасын арттыру бағытында мәселелер талқыланды.