«Атырау облысында алғашқы газ-химиялық кешенінің құрылысы» жобасы Қазақстан Республикасындағы мұнай-химиялық өнеркәсіптің дамуының үкіметтік бағдарламасының аясында дайындалған. Жоба ішкі және экспорттық нарықтарға шығару үшін қосымша құнмен мұнай-химиялық өнімдерін өндіретін газ-химиялық кешенге арналған бастапқы шикізат ретінде Тенгиз және Қашаған мұнай-газ кен орындарындағы газдың жоғары көлемін пайдалануға бағытталған. Полипропилен өндіру жөніндегі Кешеннің құрылысы келешекте саланың жоғары технологиялық негізгі өнімді алумен аймақтағы мұнай-химиялық кластерді құру жөніндегі алғашқы кезең болып табылады. Жобаның орындалуы келесі тапсырмаларды шешеді:

- Қазақстанның Батыс өңірінде мұнай-химиялық кластердің құрылуы, бұл ел экономикасының дамуында сапалы жаңа кезең болады;

- көмірсутектердің тереңірек өңделуі шикізаттың тиімді қолданылуын арттыруға мүмкіндік береді; - полимерлердің өндірілуі өнеркәсіптік салалардың әртараптандыруына үлкен үлес қосады;

- терең өңделген өнімдердің экспортқа бағытталып шығарылуы;

– өңдеуші салалар үлесінің артуымен экспортқа шикізаттың бағытталуын өзгертеді. Негізгі шикізат ретінде пропанды қолданумен газ-химиялық кешен полипропилен шығаратын болады.

Полипропилен пленка (әсіресе орама), ыдыс, құбыр, техникалық аппаратура бөлшектері, тұрмыстық қолданыстағы заттар, тоқусыз материалдар және т.б. өндірісіне арналған материалдар ретінде қолданылады; электр оқшаулағыш материал құрылыста қабаттар арасындағы діріл мен шуды оқшаулау «жүзу едені» жүйелеріндегі жабынды.