Компанияның стратегиялық мақсаты – 2015 жылға дейін полипропилен және газ өңдеу мен мұнай-химияның өзге де өнімдерінің тиімді және жоғары пайдалы отандық өндірушісі болу.

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтарындағы №101 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2008-2013 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында ішкі және экспорттық нарықтарға шығару үшін қосымша құнымен мұнай химиялық өнімдерін өндіретін Кешенге арналған бастапқы шикізат ретінде Тенгиз кен орнындағы газдың жоғары көлемін пайдалану мақсатында дайындалған.

Жоба «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйегіндегі №1293 қаулысымен бекітілген стратегиялық инвестициялық жобалардың тізіміне қосылған.

Полипропилен өндіру жөніндегі Кешеннің құрылысы сала өнімінің жоғары технологиялық негізгі өнімді алумен аймақтағы мұнай-химиялық кластерді құру жөніндегі бірінші кезең болып табылады. 

Жоба пропанды (Біріші фаза) және этанды (Екінші фаза) терең өңдеу бойынша өнімдердің келесі түрлерін: полипропилен – жылына 500 000 т. алумен қазіргі заманғы әлемдік деңгейдегі технологияларды қолдануды болжайды.

Кешеннің алаңы Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км, Қарабатан станциясынан солтүстікке қарай 8-9 км орналасатын болады. Учаске қолданыстағы темір жолға (9,2 м), автокөлік жолына (6,3 км), су құбырына, электр желісі мен тасымалдауға арналған құбыр желілеріне жақын орналасқан. Алаңдарды таңдау мен учаскелерді жоспарлау кездерінде жалпыланған кең танылған халықаралық стандарттар мен инженерлік-техникалық оң тәжірибеге сәйкес барлық қауіпсіз қашықтықтар ескерілді.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 30 000-нан астам жұмыс орнын құру мен Батыс Қазақстандағы АЭА аумағында орналасқан технопарк аясындағы ақырғы өнімнің 3000 түрінен астамын өндіру, кіші және орта бизнесті дамуты, салық базасын кеңейту мен аралас салаларды дамыту жобалануда.

Жоба Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі  (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығы) Мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.  Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №495 Жарлығымен арнайы экономикалық аймақ «Ұлттық индустриалды мұнай химиялық технопарк» («Технопарк» АЭА) құрылды.

Жоба ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №303 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның индустриализация Картасына енгізілген.

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы №1072 қаулысымен бекітілген ҚР мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы.